Home » Айдарлар » Қоғам » ҰЛТТЫҚ КАДР МӘСЕЛЕСІ ТЕК НАЗАРБАЕВҚА ҒАНА КЕРЕК ЕМЕС, ОЛ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ МЕН КЕЛЕШЕГІНЕ КЕРЕК

ҰЛТТЫҚ КАДР МӘСЕЛЕСІ ТЕК НАЗАРБАЕВҚА ҒАНА КЕРЕК ЕМЕС, ОЛ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ МЕН КЕЛЕШЕГІНЕ КЕРЕК

Үкімет жұмысынан кетті… Бірақ өзінің жасап кеткен реформаларындағы артықшылықтар мен кемшіліктіріне жауап беріп кеткен жоқ. Бізде «тәуелсіздік» алған күннен бастап он ретке жақын өкіметтің корпусы мен құрамы ауысты. Сол өкіметтің барлығын да Президент жасақтады. Президент сол өкіметтің құрамын жасақтағанда бір де бір рет болсын халықтың пікірімен санасқан жоқ.

Президент жасақтаған өкіметтің бір де бір құрамы өзінің жасаған реформаларындағы кемшіліктері үшін халықтан кешірім сұраған емес. Неге Сағадиев өзінің жасаған реформаларындағы кемшілігі үшін елден кешірім сұрамайды?  Ол неге халықтан кешірім сұрайды екен? Оны халық отырғызған жоқ. Оны Президент отырғызды. Ол сондықтан Президенттен ғана кешірім сұрайды. Себебі, ол халық үшін отырған жоқ, ол Президент үшін ғана отырды.

Әрбір министрге қатысты осылай айта аламыз. Бұған дәлелдер жетіп артылатынын ел біледі. Біздің елде кадр мәселесін Президент қана шешетінін бәріңіз білесіздер. Сонда кадр мәселесі тек Президентке ғана керек шаруа ма?

Кадр мәселесі нағыз ұлттық мәселе. Кадр мәселесі қашанда көпшілікпен келісіп шешілуі керек! Себебі, ол халықтың игілігіне жұмыс жасау үшін келіп жатыр. Өркениетті елдердің барлығында осылай шешіледі. Біздің халыққа кадр мәселесін шешуде өркениетті сана керек. Әйтпесе біз алдағы уақытта шаш етектен асқан әлеуметтік мәселелерімізді шеше алмай тығырыққа тірелеміз. Қазақтың ұлттық кадр дайындау мәселесіне біртұтас ел болып атсалысатын уақыты келіп, есік қағып тұр. Мұның халықтың, елдің болашағы үшін соншалықты маңызды екеніне біз де немқұрайлы қарап келдік. Оны мойындауымыз керек. Енді немқұрайлы болмауымыз керек. Осының соңы шексіз жемқорлыққа апарып соқты.

Бір адамның құзіретіндегі тірлік деп қарағаннан соң, оның соңы жемқорлыққа апарып, тоқырайтынына мән берген жоқпыз. Себебі, біз өзіміздің халықтық кадрларды сайлап алуға құлықсыз болдық, немқұрайлы болдық, әлсіз болдық. Сол себептен олар соны өзерінің мүддесіне аяусыз пайдаланып кетті. Күштінінің арты диірмен тартады, аузы қисық болса да бай баласы сен сөйле деген санадан арылмасақ, біз ешқашан да өспейміз. Осы саяси астары бар мақалды санамызға әбден сіңіріп тастаған. «Ой, біздің қолымыздан не келеді, өздері шешеді ғой» деген принциптен ауытқымай келдік. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің саяси белсенділігіміздің өте төмен екенін білдіреді. Халықтың өзі осындай болса, әрине, олар білгенін жасай береді. 30 жылға жуықтады, өз дегенін жасап келді.

Біздің саяси қозғалысымыз енді басталды. Халық өзінің жанына әлеуметтік ауыртпалықтың қатты батқанын енді анық сезінді. Ащы дауысын көтере бастады. Қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес. Осы уақытқа дейін елдің естімеген дауысын өкімет те, президент те естіді. Олар өздері билік жасап отырған халықты әбден зерттеген. Ақыр соңында ешқандай конфликтіге жол бергісі келмейді. Соған барын салып, өкіметті тағы да жасақтап жатыр. Бірақ бұл олардың ең соңғы шешімдерінің бірі сияқты көзге ұрып тұр. Басқа ешқандай жол мен саяси технологиялық шешім қалмаған да сияқты. Нәтиже қай кезде болады? Нәтиже елдің саяси білімі мен белсенділігі күшіне мінгенде болады.

Бекболат Қаржан

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Қазақты домбырадан алыс ұстау керек, рухы оянып кетеді

Домбыра күні Ерлан Рысқали ән салып, оған Аида Балаева тамсанған болатын. Ән салу жайында жазылған ...