Ресей шекарасына тағы бір қадам. Ресеймен 1271,8 шақырым ұзындықта шектесетін Финляндия ресми түрде НАТО (Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы) мүшесі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий хабарлады.
"Финляндия қазірдің өзінде НАТО-да! Құттықтаймыз! Бұдан былай одақта 31 ел бар. Әлеуетті серіктестер Польшаның, төңірегіміздің және бүкіл әлем қауіпсіздігінің кепілі", - деп жазды Премьер-министр.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Хельсинки мен Стокгольм билігінің Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүшелік жөніндегі міндеттемелерді толық орындамағанын айтты. Алайда 2023 жылдың наурыз айында Финляндияның НАТО-ға мүшелігі туралы хаттаманы ратификациялау туралы шешім қабылданды.
"Адырна" ұлттық порталы