"Денеме таңба салды". Ақмола облысының тұрғыны құлдықтан құтқаруды өтінеді

3500
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы, Ақкөл ауданының тұрғыны Амантай Ерқанат басы бүтін құлдық қамытына таңылғанын айтып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды "Aдырна" ұлттық порталы.  

Кісі баласынан зәбір көрген азаматтың айтуынша, ол бір жарым жыл Қорғалжын ауданында тұрып, одан кейін Степногорск қаласына кетеді. Степногорск қаласында жылқы бағып, тай үйретеді.

Алайда, бұрынғы жұмыс беруші шаруа иесі оны тауып алып, төпелеп, аяусыз соққыға жығып, Қорғалжын ауданындағы елді-мекенде қол-аяғын байлап ұстаған.

Ыңғайын тауып "құлдықтан" қашып шыққан азамат тәртіп сақшыларына арызданған. Қазір полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Сол жерде жұмыс істеп жүрген жерімнен мені бұрынғы бастығым М. атты азамат пен «сотрудниктер» келіп, ешқандай ескертусіз, адамдардың көзінше ұрып-соғып, өз көлігіне отырғызып, Қорғалжын ауданына алып кетті.

Мені қинап, денеме таңба салған кезде жанымда төрт кісі болды. Шешеммен сөйлестірген кезде қасымда кісілер отыратын. Мен сол үшін ол жерден қашып кеттім. Арыз жаздым. Олар бізде генерал бар деп қорқытты. Тіпті әке-шешемді қорқытып жатыр. Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев сіз айттыңыз ғой жаңа Қазақстан құрамыз деп. Ал мұндай масқараға қалай жауап беруге болады», - деді Ерқанат.

Бейнехабарлама авторы жеке басына қатысты даулы мәселенің заң аясында шешімін тауып, кінәлілердің жазаланатынына кәміл сенеді. Ол қазақтың баласын қинап ұстағаны үшін әр адам жауап беруі керек деп санайтынын да жеткізді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер