Қордайда төтенше жағдай жарияланды

4049
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/df4d338e-b8ef-4c93-b6db-d2ad937ee66e.jpeg
Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы turkystan.kz-ке сілтеме көрсете отырып.  Төтенше жағдай режимі бірнеше күнге созылған алай-дүлей, күшене соққан желге байланысты енгізіліп отыр. Қатты жел 3 мектеп пен 1 балабақшаның шатырын ұшырып әкетті. Алдын ала есеп бойынша екпінді желден келген шығын көлемі – 99 млн теңге. Зардап шеккендер жоқ. Балалар мектептерге қатынап оқып жатыр. Қордай ауданы әкімінің орынбасары табиғаттың тосын мінезіне қатысты пікір білдірді. Ол синоптиктер болжамынына иек артып, ұйытқыған желдің 4 сәуір күні "сабасына түсуі"  мүмкінін екенін жеткізді. Жел басылғаннан кейін нысандарды жөндеу жұмысы басталады.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии