Швейцарияда теміржол апаты болып, 12 жолаушы зардап шекті

2803
Adyrna.kz Telegram

Швейцарияның Берн кантонында (аймақ) 2 жолаушылар пойызының вагондары бір уақытта рельстен шығып кетті. Салдарынан 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 20 Minuten-ге сілтеме жасап.

Теміржолдағы қатар келген қос апаттан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. 40 адамға көмек көрсетілді. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен. Жарақаттанған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бір жолаушы ауыр халде жатыр деп хабарланды. Қос апаттың арасы 15 километрді құрайды.

Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы станция жел екпінінің сағатына 136 км көрсеткішпен ұйытқығанын тіркеген.

"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер