Мұның алдында Нью-Йорктік қазылар алқасы Трампқа қатысы бар 30-дан астам айыптау ісінің тізімін ұсынған еді. Тізім қатарында Трамппен бірге бизнес саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген порноактриса Сторми Дэниэлс те бар. Трапм қылмыс қадамдарының сәтті жүруі үшін актрисаға ауызбастырық төлеуі мүмкін дейді қазылар.
Өзіне тағылған қылмыстық айыптауларға қарсы пікір білдіру үшін Трамп сот отырысында сөз алмақ. Сот отырысы 4 cәуір күніне жоспарланған.
Бұған дейін Трамптың адвокаты Такопин сот айыптауларына қатысты пікір білдірген еді. Ол Трамптың ешқандай қылмыс жасамағанын және өз кінәсін мойындау ықтималдығы "нөлге" тең екенін жеткізді.
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне тағылған айыптаулардың астарында саяси мүдде жатқанын мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы