Қазақстаннан тәуелсіз екендерін мәлімдеген сепаратистерге қатысты іс қозғалды

9111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/89202b76-0810-4d63-9dbf-907d414172f3.png
Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялаған сепаратистерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі таңда жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,—деді басқарма ҚазТАГ редакциясына.
Еске сала кетейік, бұған дейін петропавлдық белсенділердің Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарғанын жазған едік.
Комментарии