Петропавлдық белсенділер Қазақстаннан тәуелсіз екендерін жариялады (ВИДЕО)

6450
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті өзін-өзі басқару органын құру мәселесі бойынша жұмысшылар жиналысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

- Біз, ерлер мен әйелдер, еңбек етуші, азат және еркін халық, өзіміздің өзін-өзі басқаруымыз бен самодержавиемізді, тәуелсіздігімізді және егемендігімізді көрсете отырып, жалпыға бірдей, бөлінбейтін ұлттық мұраны сақтаудың, азаматтық, мүліктік құқықтардың өзгермейтіндігін жариялаймыз. Туған өлкемізде Егеменді Қазақ КСР-нің мызғымас, аумақтық тұтастығы мен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халықтық Еңбекшілер Кеңесін жаңғыртып жатырмыз, дейді бейнежазбадағы азаматтар.

Депутаттарды сайлау күні өткен өзара жиынға 19 адам қатысты. Олар өздеріне төраға мен хатшы сайлады, халық кеңесінің декларациясын, жарғы жобасын, рәміздерін қабылдады, мөр және қатысушы куәлігінің жобасын бекітті.

Петропавлда құрылған ұжымдық өзін-өзі басқару органы өзіндік жүйе бойынша толығымен КСРО сценарийіне сілтеме жасайды. Қабылданған декларацияда қатысушылар Қазақстанды «шетелдік компанияларға құқықтарды бере отырып, ортақ және бөлінбейтін Халық мүлкін сеніммен тартып алудың» нәтижесінде қалыптасқан, заңсыз жарияланған мемлекет деп санайтыны айтылған. Сондай-ақ, жұмысшылар өз құжатында білім беру жүйесіне, қолда бар азық-түлікке, дәрі-дәрмек пен вакцинаға қарсы шықты.

– Кеңестік білім берудің табысты жүйесі деструктивті оқулықтармен шетел стандарттары бойынша суррогатпен алмастырылды, ал жоғары, техникалық және кәсіптік білім қаржылық пайда табу құралына айналды. Азық-түлік өнімдері кеңестік ГОСТ-қа сәйкес келмейді, кассаларда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар толып жатыр. Тегін медицина бизнес саласына айналған соң, халық балалар мен ересектерді «емдеу» үшін қаражат жинайды, деп жазды декларацияда Халық кеңесін ұйымдастырушылар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер