Отбасын құндылықтарын дәріптеу және сақтауға арналған орталықтар Қазақстанда қарқынды жұмыс істеуде

2679
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі қазақстандық қоғамда отбасы - дәстүрлі түрде ұрпақтарды байланыстырушы буын, ата-бабалардың рухани және мәдени мұрасын сақтаушы. Тәуекелдері мен қиындықтары қатар жүріп, қарқынды дамып келе жатқан әлемде ол тұрақтылықтың негізі, ішкі магнит және сыртқы қиындықтар мен ішкі қайшылықтарды жеңуге көмектесетін әрбір адамның өзегі болып табылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Отанға деген сүйіспеншілік отбасылық ошаққа деген сүйіспеншіліктен басталады, ал туған шаңырақ астында алған тәрбие – барша халқымыздың салауатты және табысты болашағының кепілі" деген еді. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің бұл мәселедегі дәйекті саясаты өзінің тиімділігін көрсетті.
Отбасы институтын нығайтуда және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 2016 жылдардан бастап жұмыс істеген Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия  маңызды рөл атқарады. Ұлттық комиссия Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ана мен баланы қорғауға, репродуктивті денсаулықты қорғауға, отбасы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге және әйелдер құқығын қорғауға бағытталған көптеген бастамаларын алға тартады.

Ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін «Отбасы күні». Ал отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу, неке мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайынғы "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу үлкен маңызды қадамға айналды. Бұл жоба төңірегінде салтанатты жағдайда еліміздің ең лайықты отбасыларына құрмет көрсетіледі. Бұл біздің үлкен Отанымыздың әр түкпірінде тұратын,  ерекше тәжірибесі бар әртүрлі жастағы, этникалық, кәсіптік адамдарды үлгі тұту, өнеге ету мақсатында қолға алынған.

Қазір АҚДМ жыл сайын отбасы құндылықтарын сақтау, оның жағымды үлгісін дәріптеу, қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін осы ұлттық конкурсты өткізеді. 2014 жылдан бері конурсқа 20 мыңнан астам отбасы қатысқан. Осының негізінде түрлі жобалар әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты қолдауда азаматтық қоғамның түрлі институттарына үлкен көңіл бөлінетінін атап өткен жөн. Соңғы уақытта "Аналар мен Әкелер күнін де" енгізу жоспарланып жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жас отбасыларға, жалғызбасты аналарға, балаларға, қарттарға жан-жақты жәрдемдесу мәселелерін шешетін көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында қазіргі заманғы үрдістер мен алдыңғы буындардың жинақтаушы тәжірибесін біріктіретін "Отбасы" ұлттық құндылықтар орталығы да бар. Өйткені отбасы - ұлттың генетикалық кодын алып жүретін негізгі құндылық.

Елімізде "Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институттандыру" жобасы да өз жұмысын жалғастырып келеді. Осы арқылы жастар, жас отбасылар консультациялық көмек алады. Түрлі тақырыптарда онлайн-тренингтер өткізе отырып, "Қарым-қатынастағы эмоционалды интеллект", "Қазіргі заманғы отбасының дағдарыстары, "Отбасылық құндылықтарды сақтау тетіктері", "Қазіргі отбасы – зорлық-зомбылықсыз отбасы", "Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері", "Медиативті технологиялар: отбасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу", "Мазасыздық – ерлі-зайыптылардың өмір сапасына әсер ететін фактор", "Саналы неке. Отбасылық бақытқа 7 қадам", "Отбасылық Конституция – берік отбасының негізі" сияқты бағыттарда  түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр.

Дәл сол сияқты "Отбасылық академия" қоғамдық қорының бастауымен "ÓNEGE" жобасы еліміздің 9 қаласында қарқынды жұмысын жалғастырып келеді. Өңірлердегі мамандар барлық өтініш білдірушілер үшін өз қызметтерін (отбасылық мәселелер бойынша консультациялар) тегін көрсетеді. Отбасылық қатынастар және балаларды тәрбиелеу бойынша мамандар даярлайды, онлайн мектептер ашады, семинарлар мен тренингтер өткізеді, оқу құралдарын жасап, отбасы институтын сақтау саласында пайдалы материалдар жинайды.

Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2021 жылы жалпы 31 Отбасын қолдайтын арнайы орталықтар, 2022 жылы барлығы 37 орталық ашылыпты. Бүгінге дейін олардың саны 68-ге жеткен. Ал 2025 жылға дейін отбасы саясатымен айналысатын 143 орталыққа дейін ашу жоспарланып отыр.

Пікірлер