Home » Жаңалықтар » Сәуле Әбединова: Қайтыс болған адам қалай келеді?

Сәуле Әбединова: Қайтыс болған адам қалай келеді?

Тележүргізуші Сәуле Әбединова зейнетақы қорында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты. Журналист зейнетақы қорынан қаза болған ұлының жерлеуіне берілетін соманың қанша екенін білмек болған, – деп хабарлайды stan.kz.

Сәуле Әбединова БЖЗҚ-на арнайы барып, қайтыс болған ұлының жерлеуіне берілетін сома жайлы сұрады. Алайда қызметкер сома жайлы ақпарат беруден бас тартқан. Ол үшін марқұмның анасы екенін нотариус арқылы растайтын қағаз керек екенін алға тартқан.

«Менің қолымда ұлымның өлімі туралы, өзімнің туу туралы куәлігім тұр. Оның анасы екенім белгілі болса, не  үшін нотариус арқылы растап, уақыт жоғалтуым керек? Әр жерге барып анасы екенімді растап жүргенде ақша жұмсалады. Ал, ұлымның жерлеуіне қордан берілетін сома оның өтеуіне тати ма? Маған соны ғана білу керек болып тұр», – дейді Әбединова.

Ал, БЖЗҚ әкімшісі келіп, олардың заң бойынша сома жайлы айта алмайтынын жеткізді.

Тележүргізуші мұның қисынсыз екенін, азаматтардың нотариусқа сабылмай-ақ қолындағы құжатымен жақыны екенін дәлелдеуге болатынын айтты.

«Қызметкер ол соманы білуге қайтыс болған адамның өзі келу керек деді. Қайтыс болған адам қалай келеді?», – дейді  тележүргізуші.

Бұған дейін тележүргізушінің жалғыз ұлынан айырылғанын жазған едік. Ал, жақында қайтыс болған адамның жерлеуіне марқұмның зейнетақы қорынан ақша берілетіні айтылды.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

76 жылдан кейін ардагер денесі табылып, қайта жерленді

Семейде 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырту алған соғыс ардагері Сартай Бейімбетовтың денесін қайта жерлеу ...