ОҢҒАР ҚАБДЕН: Кешегі "палау таласты" көріп жылағым келді, 30 жылда не болып кеткенбіз?

18008
Adyrna.kz Telegram

Өткенде парақшамнан Украинадан Аида Хаметжанова жіберген видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Қазақтар тіккен киіз үйдің қасында украин жігіті өзіне берген бір тарелка палаудан екі-үш қасық жейді де, қалғанын кішкентай қызына береді.

Қазанның қасындағы палау салып тұрған ағай "кел, тағы да салып берейін. Палау бар әлі" десе ана жігіт, "мен өзімдікін алдым ғой. Қазандағы ол басқаларының несібесі" деп жауап береді. Сол кезде қатты таң қалып едім. Көз алдыма Болаттың берген палауына таласқан өзіміздің халық келіп, қатты ыңғайсызданғанмын.

Сосын өзімізді солармен салыстырып соғыс болып жатса да ары мен намысын жоймаған халық екен сүйсінгенмін. Кешегі "палау таласты" көріп жылағым келді. Құдай-ау отыз жылда не болып кеткенбіз?

Халық аш, жалаңаш деп ақтамай-ақ қойыңыздар. Бір тарелке тамақ үшін Африканың өзінде бұлай таласпайды. Тегін тамақ, тамақ тарату деген акцияны тоқтату керек. Жетімдер үйіне, қарттар үйіне барып істе. Мешітке апарып қатымханасына жай дастарханды. Адам құсап отырып жесін.

Не мынау? Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті.Бағана Украинадан хабарласқан жігіттер шок болып жатыр. Не айтарымды да білмедім.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер