"Тек қана жеңіс күтеміз": Тәуелсіз кандидат Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасады

2595
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған тәуелсіз кандидат Бақытжан Базарбек баспасөз мәслихатында "осы сайлауда көшбасшы" екенін айтып, қорытынды нәтижеден тек қана жеңіс күтетінін мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Әрине, 30 жыл бойы жиналған мәселені әп-сәтте шешу қиын. Бірақ біз осы сайлауға оппоненттерімізге қарағанда үлкен дайындықпен шықтық. Біз елге, халыққа атқарылған үлкен істің қорытындысымен келдік. Мемлекеттік меншікке қайтарылған қаншама жерлер бар. Қаншама ауылдың жайылымды жерлерін қайтардық. Бәрін соттың шешімімен дәлелдеп отырмыз. Сондықтан да біз үгіт-насихат пен сайлауалды бағдарламамызды әзірлеу жұмысына толығымен дайындықпен келдік. Бақылаушыларым ұсынған ақпаратқа сәйкес, алдын-ала нәтиже бойынша біз осы сайлауда көшбасшымыз. Әзірге біз қорытынды деректерді алған жоқпыз. Осындай үлкен дайындықпен келген кезде біздің күтетініміз тек қана жеңіс! Басқа ешқандай нәтижені күтпейміз. Себебі, мен басқа оппоненттерге қарағанда өзімді сөзбен емес іспен дәлелдеп, халыққа көрсете білдім", - деп мәлімдеді Бақытжан Базарбек.  

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер