Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге шегерілді

2879
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап кеткен полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен үшінші рет кейінге шегерілді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оның сөзінше, отырыстың кейінге шегерілуі оның ауруханаға түсуімен байланысты.

Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер