Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

3090
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/122cfd61-6f02-40a4-9a0a-c5f545706153.jpeg
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының желідегі парақшасына жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», - деп жазды Мемлекет басшысы желідегі парақшасында.
Еске салайық, Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді.
Комментарии