Ресей: Көрмеде Украина туы қойылғаны үшін университет басшысы қызметінен босатылды

3093
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің РУДН университетінде өткен түрлі ұйымдар көрмесінде Украина тулары қойылды. Кейіннен  оқу ордасының басшылығында ауыс-түйіс болып, бірден проректоры қызметтен кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) студент істері және қоғамдық жұмыстар жөніндегі проректоры Сергей Базавлук қызметтен кетті, деп хабарлайды университет сайты.

Базавлук лауазымына сегіз жыл Федерация Кеңесінде қызмет атқарған Михаил Катзарский келді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін РУДН бас ғимаратында университет ұйымдарының көрмесі өткен. Көрме барысында студенттер Украинаның туларын тіккен. Осыдан кейін Ғылым министрлігі тексеріс жүргізуді бастаған.  Ғылым министрі басшысының орынбасары Константин Могилевский мұны нео-нацистік режимді бастаған мемлекет жалауларын іліп қою деп бағалап,  университет басшылығының "ыңғайсыз" әрекеті деп бағалады.

Көрме туралы алғашқылардың бірі болып Readovka басылымы мәлімдеді.  Басылымда бұрынғы оқу орнының басшысы Базавлук Украина байрақтары бар іс-шараның өтуін "көз жұма" мақұлдағанын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер