«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі ұсталды

2714
Adyrna.kz Telegram

«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күдіктіні полиция қызметкерлері түнгі сағат бір жарымда Алматының Алатау ауданындағы «Ұлжан» ықшамауданында қолға түсірген.

«Бұл - 1987 жылы туған Д.есімді азамат. Ол Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес, ҚР аумағында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы. Күдіктінің жеке басын тінту барысында ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дархан Әбіқұлов.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Пікірлер