Сайлаушылардың 66,7%-ы Amanat-қа дауыс беруге дайын

2969
Adyrna.kz Telegram

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты 25-28 қаңтарында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға сәйкес, 2023 жылғы 19 наурыздағы парламенттік сайлауға қатысудың ықтимал деңгейі 53,3% құрады. Бұл нақты дауыс беретін (39,0%) респонденттердің жалпы үлесі. Сайлауға қатысудың бұл деңгейі жынысына, жасына және материалдық жағдайына қарамастан барлық топтарда бірдей.

Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде парламенттік сайлау болса, Сіз оған қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беретін 48,6% респондент AMANAT партиясының кандидаттарын қолдауға ниетті. Сауалнама деректері бойынша бүгінгі таңда 5% шегін «Ауыл» (6,2%), «Ақжол» (5,4%) партиялары еңсере алады.

Басқа партиялар сайлаушылардың қолдауын алуға тиіс: ҚХП (4,8%), «Respublica» (3,6%), ЖСДП (3,2%), «Байтақ» (2,8%). «Барлығына қарсы» дауыс беруге дайын респонденттер үлесі 2,6% болды. Респонденттердің 1/5 бөлігі (22,8%) партиялық қалауын анықтаған жоқ.

Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді қолдайды: төменгі палатада бес және одан да көп партияның болуын – 27,8%, төрт партия – 6,6%, үш партия – 16,8%, екі партия – 12,0% респондент қолдады.

Нәтижеге қарасақ, 2023 жылғы 19 наурыздағы парламенттік сайлауға қатысу деңгейі 69% -ды құрайды. Бұл дауыс беруге ниет білдіргендердің жалпы үлесі (51,9%) және дауыс беруі мүмкін (17,1%) азаматтардың үлесінен шығады.

Респонденттерге төмендегідей сұрақ қойылды: "Айтыңызшы, сіз 2023 жылғы 19 наурызда өтетін  парламенттік сайлауға қатысасыз ба?».

Сауалнамаға сәйкес, барлық топтарда сайлауға қатысуы айтарлықтай жоғары. Соның ішінде ауыл тұрғындары, әйелдер, 46-60 және 61 жастан асқан азаматтар арасында жоғары құлшыныс таныту көрсеткіштері тіркеледі.

Жалпы алғанда, респонденттердің 23,4%-ы (10,3%) және (13,1%) дауыс беруге ниетті емес.
Анықталмағандардың үлесі-7,6%.

Сондай-ақ, респонденттерге: "Айтыңызшы, Парламент Мәжілісіне сайлауда қандай саяси партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Дауыс беруге қатысуға ниет білдіргендер әрі сауалнамаға қатысқандар тобында саяси партиялардың әлеуетті рейтингі төмендегідей: Amanat партиясын сайлаушылардың үштен екісі қолдауға дайын – 66,7%.

Сауалнама деректері бойынша қажетті 5% шекті, Amanat партиясымен бірге "Ауыл" партиясы – 6,1%, Respublica – 5,4%, "Ақ жол" – 5,2%, Халық партиясы – 5,1% еңсереді.

4,1% рейтингі бар ЖСДП 5% шегіне салыстырмалы түрде жақын.

"Байтақ" жаңа партиясының 2,1% ғана жинады. Олардың Парламент Мәжілісіне өту мүмкіндігі әлі де аз. Бұл ретте "барлығына қарсы" дауыс беруге дайын респонденттердің үлесі 5,3%-ды көрсетті.

Осылайша, 5 саяси партия Мәжілісте депутаттық орындарға ие болудың азды-көпті нақты мүмкіндігіне ие.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер