Шымкентте ауыр жүк көлігі жеткіншек қызды таптап кетті

3108
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. Ауыр жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан жеткіншек қызды таптап өткен. Қапияда көліктің астына түскен қыз қазір есеңгіреген күйде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қолда бар мәліметтер бойынша, оқыс жол-көлік оқиғасы 10 наурызда Шымкент қаласы, Қазиев көшесінде болған. Жүк көлігінің астына түскен жан - 12 жасар оқушы қыз. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Құдай оңдап, жеткіншек аман қалған. Дегенмен бойындағы көптеген ауыр дене жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды otyrar.tv.

Дәрігерлер ауыр жүк көлігінің астына түскен науқастың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Оқушының миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған. Сонымен қатар, оған екі жіліншек сүйектің, иықтың ішкі сынығы сынды және тағы басқа диагноздар қойылды.

Бейнебақылау кадрлары сана-cезіміңізге ауыр әсер етуі мүмкін екенін ескертеміз!

- Жағдайы өте ауыр, тұрақсыз, есеңгіреген күйде, - дейді дәрігерлер.

Жолдан өтемін деп ауыр жарақат алған жеткіншек мамандардың жіті бақылауында болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер