Димаш Құдайберген "Қазақстанның жыл әртісі" және "Жыл эстрадалық концерті" номинацияларын иеленді

3314
Adyrna.kz Telegram

2023 жылы 10 наурызда мәдениет, өнер және спорт саласындағы жыл сайынғы Ticketon сыйлығы бойынша берілген дауыстың қорытындысы шықты. Димаш Құдайберген бірден екі номинация бойынша көшбасшы атанды. Бұл туралы әншінің ресми сайты хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Димаш 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда өткен «Stranger» жеке концертімен «Қазақстанның жыл әртісі» және «Жыл эстрадалық концерті» номинацияларында жеңіске жетті. Бұл әртістің Ticketon сыйлығын бірінші рет жеңіп алуы емес. Ол бірнеше рет "Қазақстанның жыл әртісі" номинациясында көшбасшы болды, сонымен қатар Димаштың 2019 жылғы "Арнау шоуы", 2017 жылғы "Бастау" жеке концерті өзге де Қазақстан сыйлықтарын иеленген", - делінген хабарламада. 

«Тикетон» мәдени сыйлығы – Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті, өнері, спорты және қоғамдық өмірі саласындағы талантты қайраткерлердің жетістіктерін көрсетуге және қолдауға бағытталған жыл сайынғы іс-шара. Сыйлық кино, гастрольдік іс-шаралар, концерттер, театр, спорт, балаларға арналған іс-шаралар және т.б. сияқты мәдени өмір салаларын қамтиды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер