Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

1990
Adyrna.kz Telegram

Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды.

Қазақстандық Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингте мексикалық Хуан Карлосты мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды. Жекпе-жек 4 раундқа есептелген, алайда Қожамбердиев бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, 32 жастағы Қожамбердиев кәсіпқой бокста 8-ші кездесуін өткізіп, алтауын мерзімінен бұрын жеңіп, екеуінде жеңілген. Ал оның қарсыласы спорттық мансабында 27-ші рет жеңіліп отыр екен. Ол бұрындары үш рет нокаутпен жеңген және үш рет қарсыласымен тең түскен.

Қожамбердиев кәсіпқой бокста 2017 жылы шілдеде АҚШ-та өнер көрсетіп бастады. Кейінірек ол Отанында үш рет және Ресейде екі рет жұдырықтасты. Әзірге ол алты раундтық кездесулерге шыққан жоқ.

Ол жартылай ауыр салмақтан бастаған, алайда кейінірек бірінші ауыр дивизионға өтті. Оның келесі жекпе-жегі 27 ақпанда өтеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер