30 жылда былыққа батқандай бата бермей, елге кішкене болса да өзгеріс алып келу мақсатым - Дәулет Мұқаев

5995
Adyrna.kz Telegram

Дәулет Мұқаев өз туралы айтылған "депутат болудағы мақсаты - құрылыс компанияларына қаражатты бұру және ловильдық қызметтерді атқару" деген қауесетке жауап берді. Ол бұл туралы "Адырна" ұлттық порталына берген сұхбатында айтты.

"Әрине, мен баспана туралы жиі айтқандықтан құрылыс компаниялары жарнама ұсынады. Сондай-ақ, бір компанияның бренд-амбассадорымын. Соның нәтижесінде үй атауларын қазақыландыруға септігім дейді. Бірақ бұл оны білдірмейді.
Қазақтың басты проблемасы - баспана. Әрбір төртінші қазақ "ұлы дала квартиранты". Қазақта кемінде 3 кілт болу керек. Олар көліктің кілті, өзінің кеңсесінің кілті, үйінің кілті. Осы 3 кілтке қарай талпынуымыз керек. Осы 3 кілт бола ма, өмірдің кілтін тапқаның деп те айтамын. Өйткені, бас проблема - баспана. Үй жоқтың - күйі жоқ. Өзіміз айналдырған 20 млн халықпыз, айналып келгенде статистика өте қорқынышты. Одан кейін мемлекеттік бағдарламаларға да көңілім тоймайды. Оны мен әлеуметік желі де талай айттым. Бірақ бұл әңгімелерім сол жерде алып қоймай, жоғары жақта да, мінберде де естілсе деймін. Мен тау қопарамын деп айта алмаймын. Әр адам өзінің шамасы жеткенше күресу керек. Шамасы жеткенше үлесін қосу керек.
Абай "сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан" дейді. Әрқайсымыз өз саламыздың кірпіші болуымыз керек. Сонда мықты кірпіштер жиналып, мықты мемлекет құруға болады", - деді блогер.

Сондай-ақ, Дәулет Мұқаев 30 жылда былыққа батқандай бата бермей, елге кішкене болса да өзгеріс әкелгісі келетінін айтты.

"Біздің елде депутаттың бейнесі жемқор ретінде қалыптасып қалды, 30 жылда депутат жеп жатыр, ештеңе істемейді, жылы жерде отыр, ештеңе айталмайды, еште істемейді, миллион табады деп Мен ақша үшін емес, 30 жылда былыққа батқандай бата бермей, кішкене болса да өзгеріс алып келу негізгі мақсат менде...
Саясат ертең не болатынын да білмейміз, ол сені лақтырып жіберуі де мүмкін, керісінше, барлығын әділ жасауы да мүмкін. Мен білмеймін. Бірақ мен шамам жеткенше күресу керекпін", деді Дәулет Мұқаев

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер