Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил жекпе-жегі салмақ айырмашылығына қарамастан өтеді

2279
Adyrna.kz Telegram
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінің алдында октагонға шығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов пен оның қарсыласы америкалық Джефф Нилдің соңғы салмақ өлшеу рәсімі өтті. Олар салмақ айырмашылығына қарамастан, жекпе-жекке шығатын болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлім болғандай, Ш. Рахмоновтың қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті. Атап айтқанда, таразыға тұрған отандасымыздың салмағы 77,56 келі, ал америкалықтың салмағы 79,37 келі болды.

Бұл ретте UFC Джефф Нилдің салмағы межеден асып түскеніне қарамастан жекпе-жек өтетінін ресми мәлімдеді, себебі Шавкат Рахмонов бас тартпаған. Алайда, америкалық спортшы гонарарының 30 пайызын Шавкат Рахмоновқа береді.

Еске салайық, кеше Шавкат Рахмонов баспасөз конференциясын өткізіп, негізгі жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді.

Пікірлер