Ақсақалдар алқасын президенттің жанынан құру керек

1131
Adyrna.kz Telegram

Жаһандану заманында қазақтың отбасылық құндылықтарын сақтауы өте маңызды. Алайда соңғы жылдары отбасы құндылығына жүрдім-бардым қарайтын болдық. Ал бұл мәселені шешудің жолы бар ма?

Республикалық «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тұрар Сәттарқызының айтуынша, бүгінгі таңда шығып жатқан проблеманың бәрі отбасындағы тәрибеден шығып жатыр. Ал осы бір отбасы құндылығының әлсірегенінен кейін қарттар қараусыз қалып жатқан көрінеді.

«Мысалы елімізде жылдан жылға қарттар үйі көбейіп келе жатыр. Мемлекетік қарттар үйінен бөлек, жеке меншік қызмет көрсететін ұйымдар да пайда бола бастады. Мұның бәрі айналып келгенде ұлттық құндылықарымыздың кері кетіп бара жатқанынан деп білемін. Негізі мемлекет тарапынан жас ұрпақтың тәрбиесіне назар аударатын кез келіп жетті. Ал біз мысқылдап кірген ауру жазылып кететін секілді көріп отырмыз. Алайда ұлттық тәрбиеге мән бермесек, отбасы құндылығын түсінетін жастардың саны азая береді. Елімізде отбасы құндылығын қалыптастырумен айналысатын әр түрлі ұйымдар мен кеңестер жұмыс істейді. Өкінішке қарай олардың жұмысы көзге көрініп жатқан жоқ. Түрлі іс-шаралар өтеді. Бірақ онда Зейнеп Ахметова, Оразкүл Асанғазы, Сәуле Мешітбайқызы секілді аналарымызды шақырып, олардың ғибратты әңгімелерін тыңдауға болады ғой», – дейді бірлестік жетекшісі.

Тұрар Сәттарқызы отбасы құндылығына отбасы, ошақ қасындағы мәселе деп қарауға болмайтынын айтады. Нақтырақ айтсақ ол отбасы құндылығына мемлекеттік деңгейде мән беретін кез келді деген пікірде.

«Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақсақалдар алқасын құру керек деп бастама көтерді. Бұл шын мәнінде өте керемет бастама. Өйткені қазіргі заманда ақсақалдарымыздың қадірі кетіп қалды. Ашығын айтсақ қазынамыз саналатын қарттарымызды тиісті деңгейде қадірлей алмай жүрміз. Менің ойымша, ақсақалдар алқасы және әжелер алқасы секілді ұйымдар президенттің жанынан құрылуы керек. Алайда ақсақалдар алқасына депутаттыққа ұмтылып жатқан адамдарды тартудың қажеті жоқ. Ел арасында әлі де болса, өзінің қасиетін сақтаған ақсақалдарымыз бар. Міне осы ақсақалдардың басын біріктіріп, қазақтың ұлттық салт-дүстүрі мен құндылығын дәріптеуге болады. Ақсақалдар алқасы құрылып, ұлттық бағытта жұмыс істеген жағдайда ғана біз өз балаларымызды отаншыл етіп тәрбиелей аламыз», – дейді ол.

Пікірлер