“Б/у деп жазылса, зорланған”: Ресейліктер Украинадан балаларды ұрлап, оларды сатуда

7546
Adyrna.kz Telegram
Фото: ruinformer.com
Фото: ruinformer.com

Ресейліктер Украинадан балаларды ұрлап, оларды сатуда. Бұл туралы ТикТок желісінің белсендісі айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Олх-те балаларды “ойыншық” деп көрсетіп сатып жатыр екен.

“Олх-те балаларды сатуда. Олардың сату  схемасы бөлек. Олар балаларды ойыншықтар сияқты сатады. Олар ойыншықтардың суретін жүктейді, сосын бағасын көрсетеді. Егер б/у деп тұрса, бала зорланған. Ал жаңа деп тұрса, әлі балаға тиіспеген”,- деді видеода.

Бұл туралы украиналық delo.ua порталы да ресейліктердің Украинадан балаларды ұрлап, сексуалдық сипаттағы бейнероликтер түсіретінін жазған. Қылмыскерлер осындай материалдарды жасау арқылы ақша табады. Бұл ақпараттың Украинадағы Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец мәлімдеді.

«Бағалар жүздеген мың рубльді құрайды. Мысалы, «жақында мектепке баратын» балаға 250 000 рубль ұсынылады. Олар балалардың Украинадан екенін және олардың туыстары жоқ екенін көрсетеді», - делінген жолданған хабарламаларда.


Фото: delo.ua 

Ол киберполицияға, Ұлттық полицияға және Бас прокуратураға кінәлілерді тауып, жазалау және зардап шеккен балаларды үйлеріне қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

"Эмоциялардың барлық ауқымын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ресей Федерациясы біздің балаларымызды жасырын түрде ұрлап, өлтіріп, жер аударып, зорлап жатыр. Қазіргі әлемде бұл қалай болуы мүмкін?!", - деп атап өтті Любинец.

Бұған дейін Ресей Украинаға оралғысы келетін елден қуылған балалардың барын мойындаған болатын. Желтоқсан айында Любинец оның кеңсесі 12 000-нан астам украиндық баланың Ресейде болуын тексеріп қойғанын, оның 8 600-ге жуығы күштеп әкелінгенін хабарлады.

Украина Президенттің бала құқықтары және балаларды оңалту жөніндегі кеңесшісі Дарья Герасимчук Ресейге депортацияланған немесе күштеп қоныс аударғандар тізімінде 10,5 мыңнан астам украин баласы бар екенін мәлімдеді.

Пікірлер