"Ресей аспанын белгісіз әскери ұшақтар торыды" - Шұғыл түрде Санкт-Петербордың әуе кеңістігі жабылды

2075
Adyrna.kz Telegram
Victory Day parade 2021 - Saint Petersburg
Victory Day parade 2021 - Saint Petersburg
Ресей аспанын торып, әуеде қалықтаған белсігіз нысандар көзге түсті. Көк аспанды шарлаған белгісіз қанатты кемелерден Санкт-Петербор аспанын қорғау мақсатында "Кілем" атты дабыл түрі енгізілді. Қазір қаланың Пулково әуежайында ұшып-қонып жатқан ұшақ байқалмайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"78.ru"-дың хабарлауынша, "Кілем" - барлық әуе кемелерінің жерге дереу қонуын немесе белгіленген ауданнан шығарылуын талап ететін дабыл түрі. Мұндай дабыл түрі тек айрықша әрі төтенше жағдайларда, шекараны заңсыз кесіп өту немесе беймәлім ұшатын нысандар байқалған кезде беріледі.
Flight Radar мәліметінше, әуені торыған ұшақтар Санкт-Петерборға жақын келе қойған жоқ. Baza арнасы болса, аспанда белгісіз нысандар емес, бөгде әскери ұшақтардың қалықтап жүргенін мәлімдеді.
Дегенмен қазір қала үстіндегі әуе кеңістігі бос. Жолаушы тасымалдаушы ұшақтардың барлығы күту аймағына ауыстырылған. Мәскеуден Санкт-Петерборға бет алған ұшақтар кері бұрылған. Қала көгіне белгісіз әуе кемелерін жойғыштар ұшырылды.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер