"Март" сауда үйі қазақтың ұлттық киімін киген аналарымызды сыртқа қуып, халықтың кәріне ұшырады

5789
Adyrna.kz Telegram
Қазақтың ұлттық киімін киіп, кимешегімен алыстан көз тартқан асыл аналарымызды сыртқа қуған "Март" сауда үші халықтың қаһарына ұшырады. Ерекше сұлулыққа шомып, әлеміш ою, өрнекті қамзолымен айналасын айрықша нұрландырған ақ жаулықтыларымыз кімге жақпай қалды? Ұлттық құндылықтарымызға қарсы келгендер жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 
Сорақы жағдай жайлы қоғам белсенділері жазды. Оспадар оқиғаға қатысты белсенді Ақжол Сәттілік:
- Мынандай масқараны көргенде қаның басыңа шығып,демің тарылады екен.!?
Сорлылық пен надандық жайлаған өлкеде.
Ұлттық киімнен, кимешек пен ақ жаулықтан қорқыққан қандай бейшаралар.
Бұл бассыздықтың артында кім тұр?
ЛГБТ, анау -мына шеру жасап, өздерін еркін жарнамалап жатқан қоғамда, кимешек киюге орын жоқ болғаны ма?
Ақ кимешекті әжесі бар, ақ жаулықты анасы бар,көзі ашық,адал сүт емген әрқайсыңыз мына надандықтың жанынан көз жұмып, өтпессіздер деп ойлаймын.
Үлкен резонанс тудырып, бұл мәселені бұлай қалдырмауға тырысайық!
Бөлісіңізлер,таратыңыздар, пікір жазыңыздар,лентада көп айналсын!
Жауапты адамдар,мыңқылдап, мұрнының астынан сөйлеп кешірім сұрап құтылмасын.
"Март" сауда үйлері желісіне үлкен байкот!
Сауда уйінің басшылығын сотқа беруді талап етемін!
Менің елімде,менің ұлттық құндылықтарым,әдет ғұрпым,салт-санасам,тілім ең бірінші тұруы керек!
Басқалай болуы мумкін емес! - деді ашуына мінген азамат.
Оқырмандар бұған қатысты түрлі көзқараспен ерекшеленді. Мәселен:
"Менің түсінігім бойынша, күзеттегі азаматтың топтанып жүру астарында шерулік гәп ретінде түсінік ескерту ме деп ойлаймын";
"Анығын біліп барып бұл көрініске көз жеткізу. Еш жерде ұлттық киімге наразылық білдірмейді, себебі әр адамның өз қалауы. Қазіргі кезде орамал тартуға көз қарасымыз нығайып келе жатыр. Олда бір алға ұмтылыс. Менде бір өтініш, қазақ кимешегін киу әдемі, әрине, атына заты сәйкес болса, тіліміз, сөйлеу мәнеріміз өзгерсе үстіміздегі қазақ кимешек тіліміз орыс тыңдап көріңіздер";
"Бастықтарын көзіне көк шыбын үймелету керек. Әбден басынып болды ғой иттер. Намысы бар қазақ бұл сауда үйінен сауда жасамасын! Бойкот "Март" сауда үйіне!"
"Сауатты, намысқой, анасының сүтін адал емген заңгерлер бұл істі сотқа беру керек! Тиым болмаса, ушығып кетеді!";
"Босқа елді шулату. Ән айтуға келген бе, бірдеңе ғой. Ұлттық киімді киген соң даудырамай әдемі, ибалы, нағыз таза қазақтың әжесі болып жүрсең, ешкім оларға ештеңе демейді ғой... Өздері шуылдап, жамырап ерсі жүр ғой, әжеге ұқсамайды. Көпшілік орында өзін ұстау мәдениеті қайда?" деп жазды оқырмандар.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер