Түркиядағы зілзала: 612 адамға қатысты тергеу басталды

3266
Adyrna.kz Telegram
Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Түркияда зілзала кезінде қираған ғимараттардың сапасына қатысы бар 612 адамға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Түркияның  Associated Press агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әділет министрі Бекир Боздаг 612 күдіктінің 184-ісі сотқа дейін қамауда екенін айтты. Олардың арасында құрылыс мердігерлері, ғимараттардың иелері немесе басқарушылары бар

Ғимараттардағы айғақтардың табылуы қылмыстық тергеуге негіз болады, - деді Боздаг.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде 48 мыңға жуық адамның өмірін қиған 7,8 баллдық жер сілкінісінің салдары түріктерді қираған немесе қатты зақымданған 173 000 ғимараттың құрылымдық тұтастығына күмән келтіруге мәжбүр етті. Мамандар қираған үйлердің көбі сапасыз материалдардан салынғанын және көбінесе мемлекеттік стандартқа сай келмейтінін айтады.

Түрік арналары Түркияда жер сілкінісі мен ғимарттардың қирау қаупі әлі сейілмегенін хабарлайды. AFAD төтенше жағдайлардың алдын алу және жою агенттігінің мәліметінше, 6 ақпаннан бері елде 9470 афтершок болған.

Бұл ұзақ уақытқа созылады. Біз бұл жер асты дүмпулері кем дегенде екі жылға созылады деп күтеміз, - деді AFAD бас директоры Орхан Татар.

Бұған дейін Түркияда тәртіп сақшылары ғимараттардың жаппай опырылуына қатысы бар Газиантептегі Нұрдағы ауданының әкімі Өккеш Кавакты ұстаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Франклин опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер