Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Патриот» телеграм арнасы жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Қылмыстық істің қозғалғаны туралы «Патриот» Телеграм арнасына Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров мәлімдеді.
«Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабы 1-бөлігіне сәйке сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жариялауға жатпайды», – деді ол.
Бұған дейін сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі) болып шықты. Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ.
Еске салайық, 27 қаңтар күні сенатор Гүлмира Кәрімованың 45 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.
13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланған. Оған 144 адам дауыс берген.