"Қантөгіске дейін барамыз" - Жаркент азаматтары өзге аймақтан келген қазақтарға сес көрсетіп, үндеу жолдады

2761
Adyrna.kz Telegram
Өз астауындағы нәпақаны өз бауырларына қимаған жаркенттік "жігіттер" дау бастады. Олар қалаға келген өзге өңірдің азаматтарына, өз бауырларына, қоқан-лоқы көрсетіп, такси қызметіне жоламауын ескертті. "Жат жұрттықтар" көлігіне жолаушы отырғызып, алда-жалда ақша таба қалса, қызметінің соңы қантөгіске ұласуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Такси қызметімен күн көріп, жолаушы тасып жүрген жігіттер өз астауынан өзгеге ас татырғысы келмейді. Мұны журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады:
Жаркеттің жігіттері жиналып, әлеуметтік желіге видео үндеу жариялады. Бұл ескертуден гөрі сес көрсетуге көп ұқсайды. “Ертең біздің таксиге жармассаңдар қантөгіске дейін баруы мүмкін” дегенді қалай түсінеміз?
Сондай-ақ, Жәркент вокзалында да дүрбелең. Ғимарат маңының бәрі жеке кәсіпкерлер иелігінде. Темір жол билеттерінің құнын өз қалауындағы бағамен аспандатқан делдалдар кесірі жолаушыларға тиюде. Осындай бассыздықтарды бақылайтын жергілікті атқарушы орган қайда @panfilov_akimdigi барсыздар ма?
Жәркент - Жетісу облысы, Панфилов ауданының орталығы. 50 мыңнан аса тұрғыны бар көне шаһар. Еліміздің оңтүстік-шығысында Қытаймен шекаралас “Қорғас” бекеті осында.
Жергілікті көлігі бардың бәрі шекарадан әрлі-берлі өткен саудагерлерді діттеген нүктеге жеткізетін такси қызметін атқарады. Ешқайсында ресми құжат жоқ. Жәркентте басқа жұмыс та жоқ, - деп жазды журналист.
Зорайып, күшіне мінген жаркенттік жүргізуші жігіттерге қатысты жайттың мән-жайын анықтаған Панфилов ауданы әкімдігі баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағатұлы арнайы мәлімдеме жасап, "кешірім сұраған жігіттің" видеосын жариялады.
"Қазір Қорғас бекетінде адам қарасы көп. Бері де ары да өтіп жатқан жүргінші қандастар саны артуда. Сол себепті Жаркент қаласының вокзал аумағында такси қызметі жүріп тұр. Туыстарын өздері күтіп алғай келген сырттағы жүргізушілерге жергілікті таксистер нанымызға ортақтасты деп наразылық танытқан. Тіпті қан төгіледі деп артық айтқан болатын. Бүгін аудандық полиция бөліміне жүргізуші азаматтарды шақырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жігіттер айбын мойындап кешірім видеосын жариялады", - деді баспасөз хатшысы.
Кешірім сұраған жігіттің айтар уәжі мынандай:
- Әлеуметтік желіде эмоциамызға беріліп, бір бейнежазба жазып едік. Дұрыс түсініңіздер, ешкімді бөліп-жарып, ешкімге жол бермейміз деген ойымыз жоқ. Бірақ өзіміздің ойымызды білдіргіміз келген. Осы менің сөзімді Жаркеттің барлық жігіттері қолдайды, - деді айыпты азамат.
Дегенмен, әлеуметтік желіде оқиғадан хабардар болған қоғам белсенділері жігіттердің ындынына [құлқына] қарап, кәріне мінді. Қазақтың қазаққа шаптыққанына ызаланғанның дені - жігтіттер. Олар:
"Қантөгіс Қолдаймыз!
Кешірім Қолдаймыз!
Бір ауыздан қолдай беретін сайлаушылар сияқты екен";
"Мықты болсаңдар, қазақтың таксилеріне отырмайтын ұйғырларға адам алаламауды үйретіңдер. Өз бауырларыңның жағасына жармаспай";
"Ресейдің такси жүйесі, бүкіл Қазақстанның транспортын жалмап отыр,оған бірдеңе дей алмайды.Өз қазағынан өзі қызғанып жүрген надандар";
"Кешірім сұрап қана кетпесін. Кешірім сұрағаны шу көбейгесін жай ғана айта салғаны. Ойларынан қайтқан жоқ олар, тағы да білгенін істейді. Бұлар адам құқығын бұзушы көшенің бандиттары. Жігіт емес мыналар, тонаушы қылмыскер жалмауыздар. 14 күн қамап, айып-пұл салу керек. Бір жерлерін қысып жүрсін, болмаса қыстыру керек заң бойынша. Қай заманда, қайда өмір сүріп жатырмыз.
Таксиден ақша таппаса аяғы мен қолы тартылып қалған жоқ жұмыс істесін оңбағандар";
"Қан төгем дегенді 14 күнмен жабу керек еді. Сүмірейіп тұрмаған түрін қарашы" деп жазып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер