Сарапшы: "Қазақтың жер асты байлығын асап жеп жатқандарға қарағанда Цукерберг бізге көп салық төлейді"

2257
Adyrna.kz Telegram
"Марк Цукерберг Қазақстанға 3 миллиард теңге салық төледі". Бұл деректі экономика сарапшысы, журналист Айбар Олжай нақтылады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қазақ экономикасына қатысты сүбелі сараптамаларға жүйрік Айбар Олжай қазақтың қазынасын молайтып, қоржынын толтырып жатқан Цукербергті сөз етті:
- 2022 жылдың қортындысы бойынша ғаламдық IT алпауыттар Қазақстан бюджетіне салық ретінде 13,3 миллиард теңге төледі. Оның 3 миллиардын Meta Platforms Ireland Limited берді. Метаға Фейсбук пен Инстаграм кіреді. Оның ішінде негізгі табысты Инстаграм әкеліп отыр. Себебі, бізде орта және шағын бизнес Инстаграм жарнамасын көбірек таргеттейді.
Гугл Ютуб желісінен тапқан табысымен бөліссе, Apple Spotify мен AppStore-ден келген табыстан салық аударған. Жалпы, біздің бюджетке 45 шетелдік IT-платформа салық төлеп отыр.
Сарапшылар, Цукерберг және оның Силикон алқабындағы әріптестерінен бізге түсетін салық көлемі жыл сайын 12-15 пайызға артып отырады дейді. Онда 2025 жылдары олардан түсетін кіріс 20 миллиард теңгеден асып жығылуы тиіс. Сонда бұл біздегі табиғи қазбаларды асап жеп жатқан "Ескі Қазақстандық" біраз компанияның салығынан да көп, - деп жазды сараптамашы.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер