Ресей-Украина соғысының 1 жылына шолу

2271
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға басып кірді. Содан бері ел тұрғындарының үштен бірі үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, мыңдаған адам қаза тапты, көптеген мектеп, аурухана мен мәдени орын қирады. Бұдан бөлек 1 жыл ішінде  бірінше оқиға болды.

Қаза тапқандар мен жараланғандар

Ресейдің Украинаға басып кіруінен кемінде 8 006 адам қаза тапты. Олардың ішінде 487 бала бар. 13 287 адам жарақат алды. Бұл деректерге БҰҰ тексерген жағдайлар ғана кіреді.

«Нақты сандар бірнеше есе көп болуы мүмкін»,—дейді ұйым.

Ресейдің әскери басқыншылығына байланысты Украинада 13 миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл бүкіл ел халқының үштен бірін құрайды. Қазір сегіз миллионнан астам адам Еуропада болса, бес миллионға жуық украиндық босқынға айналды.

Соғыс басталғаннан бері Украина 63 мыңнан астам қылмыстық іс қозғады. Олардың 50 мыңнан астамы соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзумен байланысты.

Сексуалдық зорлық-зомбылыққа байланысты әскери қылмыстарды тергеу департаментінің мәліметінше, жүздеген адам ресейлік әскерилерден сексуалдық зорлық-зомбылық көрген. Бірақ олардың 155-і ғана өз істерін сотқа беріп, болған жайт туралы ашық айтуға келіскен. Сотқа түскен істердің басым көпшілігі әйелдерге қатысты. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету бойынша кемінде 11 іс қарауға жіберілді.

Соғыс балаларды білімсіз қалдырды

Басқыншылық салдарынан кем дегенде 3139 білім беру нысаны зақымданды. Оның ішінде 441 оқу орны толығымен қираған.

ЮНИСЕФ бағалауы бойынша, Ресейдің басқыншылығы Украинадағы кемінде бес миллион баланың білім алуына айтарлықтай шектеу қойды. Білім ошақтарына жиі оқ жаудыратындықтан, ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартты.

 

Пікірлер