«Менікі дейтіндей саған фермерлер зат емес»: Жигули Дайрабаев «Республика» партиясына үндеу жасады

2045
Adyrna.kz Telegram

Жигули Дайрабаев «Республика» партиясына үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жақында «Республика» партиясының лидері Айдарбек Ходжаназаров: «Фирмерлер біздікі!»— депті. Бұған айтарым бар. Біріншіден, фирмерлер біздікі, мыналардікі, аналардікі дейтіндей зат емес. Оларды қорға, дамыт, бірақ іріткі салма. Еңбек адамдарын бөлме. Екіншіден, Айдарбек інім, Парламентке барам десең, заң талаптарын біл. Халқымызға зиян келтіруші болма. ГМО өнімдерін өсіргеніңді өзің де айттың. Оның адамға зияны жоқ екені дәлелденбеген. Сонда партияңмен бірге ГМО-ларыңды басқаларға үйретпекшісіңдер ме? Ол —дұрыс мәселе емес. «Ауыл»партиясы ауыл мүддесін кімнен болса да қорғайтынын біліп жүр. Ауылға зиян келтіруге жол бермейміз»,—деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Пікірлер