«БҰҰ моделі» жастар конференциясы

7336
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Катар мемлекетінде өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі» жастар конференциясына қатысты. Конференция Дохадағы Джорджтаун университетінде өтті.

Биылғы жаһандық қауіпсіздік: өткеннің сабақтары тақырыбында өткен іс-шарасы 15 елден келген 500-ден астам қатысушы БҰҰ дипломаттарының рөліне еніп, әлемдегі ең өзекті қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Қазақстан командасының құрамына Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алты оқушысы кірді.

Конференция нәтижесінде 11- сынып оқушылары Максим Сурин мен Даниал Шокобалинов MUN Бас хатшысы және халықаралық тарих бойынша аға маман Бенджамин Курианның, сондай-ақ GU-Q білім беруді дамыту жөніндегі менеджері Джибин Кошидің атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мен DISEC комитетінде Оңтүстік Корея делегациясының атынан қатыстым. Мәдени мұраны қорғау, әлемде болып жатқан нақты жағдайларды талдау, сондай-ақ әйелдер мен адамдардың басқа да топтарының құқықтарын қорғау тақырыптары бойынша талқыға түстік. Осы конференцияның арқасында мен көптеген талантты пікірсайысшылармен таныстым, сонымен қатар жаһандық проблемаларға өзімнің сыни көзқарасымды айта алдым, - деп өз эмоцияларымен Максим Сурин бөлісті.

Даниал Шокобалинов өз сұхбатында конференцияда жинақтаған тәжірибеге де тоқталды.

Әрине, бұл конференцияға қатысу маған үлкен тәжірибе әкелді. Талқылау барысында біз өзекті мәселелерді тарихи тұрғыдан қарастырдық, өйткені өткеннен сабақ алып және қазіргі сценарийлерге қолдануға болатын дүние көп. Әрқайсымыз шығармашылықпен айналысуға, кедергілерге қарсы тұруға, өз дағдыларымызды қолдануға және кеңейтуге тырыстық, — дейді Даниал.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер