Алматыда көктемгі әскерге шақыруға зерделеу жұмыстары басталды

2457
Adyrna.kz Telegram
Алматыда  2019  жылдың  көктемгі  мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын  азаматтарды зерделеу жұмыстары басталды.  Қазіргі уақытта әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды  тіркеу барысында  2002 жылы туған азаматтар әскери есепке қабылданып жатыр. Мерзімді әскери қызметке дайындық және шақыру үздіксіз   жүргізілуде. Әскери тіркелу  сәтінен бастап және  әскерге дейінгі уақытта  мерзімді әскерге шақыруға жататын   азаматтарды жүйелі  түрде зерделеу  жұмыстпры жүргізіледі.  Зерделеу үшін тиісті жұмыстар ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен ҚР Ішкі істер, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдары өкілдерімен бірге жүргізіледі. Екінші кезең – іс жүзінде атқарылады. Сонымен қатар,  әскерге шақырылушының  туберкулезге қарсы,  тері-аурулар және наркологиялық,  психиатриялық  диспансерлердің есебінде  тұрмайтындығы  ерекше ескеріледі.   "Нақты қағида бойынша  көктемші әскерге шақыру басталар алдында  моралдық-психологиялық жағдайы және дайындығы  жақсы  балалар  ірітелініп алынады",  деді Алматы қаласы  қорғаныс істері  жөніндегі  департаментінің  бастығы  полковник А.Усербаев. Жылына  Алматы  қаласы жергілікті әскери басқару органдарымен  5000  азаматтың  материалдары  зерделенеді. Осы жылы Алматы қаласы бойынша  2000-ға жуық азаматтар  әскерге  щақыруға  жататынын айта кеткен жөн.
                           Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз  қызметі
Пікірлер