"Мұндай тағдырыңызды Путиннің өзі таңдады" - Байден Ресей халқына үндеу жолдады

3192
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Президенті Джо Байден Ресей халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Құрама штаттардың басшысы ресейліктерге Америка мен Украина саясатын түсіндіріп, Путинді сынай сөйледі.

"Мен Ресей халқының қаперіне алар бір ауыз сөз сөйлегім келеді: АҚШ пен Еуропа елдері Ресейді жойғысы келмейді. Біз бүгін Путин айтқандай, Ресейге шабуыл жасауды, Ресейді басып алуды жоспарлап отырғанымыз жоқ. Біздің бейбіт өмір сүргіміз келеді. Біз -  сізге жауыңыз емеспіз.

Бұл соғыс қажеттіліктен туған жоқ, бұл  - трагедия. Бұл сұм соғысты Путиннің өзі таңдады. Соғыс Путиннің жеке қалауы бойынша басталды. Ол бұл соғысты кез келген уақытта тоқтата алады, оған бір сөз айтса,  жеткілікті.

Егер Ресей өзінің шабуылын тоқтатса, соғыс дәл қазір аяқталады. Егер украиндар өздерін қорғауды тоқтатса, бұл Украинаның соңғы рет тұяқ серпуін көрсетеді. Сондықтан біз Украинаның өзін қорғауына көмектесеміз", - деді АҚШ президенті.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер