«AMANAT» бағдарламасы: ТКШ-ны жаңғырту, жалақыны өсіру, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту

2855
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде сайлаушылармен кездесуді бастады. Штаб мүшелері бірінші Түркістан облысында болды.

Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өтті. Жүздесуде партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан рухани құндылықтар мәселесіне, ұлттық мәдениет пен шығармашылық адамдарын қолдау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

«Халық үшін сіздерің ой-пікірлеріңіз ерекше маңызды. Сондықтан алғашқы кездесуді өздеріңізбен өткізіп отырмыз. Сіздер мемлекет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір іспетті әрдайым әділеттілік пен туралықтың жақтаушысы болып келесіздер. Қоғам тынысының тамырын тап басып, көптеген мәселе бойынша өз ойларыңызды ашық жеткізесіздер. Бұл Әділетті Қазақстан құру үшін аса маңызды», - деді Республикалық сайлауалды штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Партия Төрағасы мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы ерекше беделін ескере отырып, «AMANAT»-тың партиялық тізімдерін жасау барысында шығармашылық адамдарын – белгілі айтыскерлерді, жазушыларды, журналистерді тізімге қосуға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Партия жыл сайын үш жүз мәдениет нысанын салу және жаңғыртуды қамтамасыз етуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде театрлар, кітапханалар, коммуникациялық, білім беру және демалыс орталықтары бар. Мәдениет, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге арттырылады.

Бұдан соң штаб мүшелері Кентауда қалалық ЖЭО-5 ұжымымен кездесті. 1952 жылы іске қосылған жылу энергетикалық торап бүгінде 14 мыңға жуық абонентті қамтамасыз етеді.

Партиялықтар еліміздегі ТКШ-инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуды қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасында еңбек адамының мүдделеріне ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, жалақыны өсіру, медициналық көмекті жақсарту, еңбек құқығын қорғау сияқты басқа да шаралар қамтылған. 

Осы күні штаб мүшелері су тасқынынан зардап шеккен Сауран ауданының Шаға ауылына барды. Тұрғындармен кездесуде партиялықтар сайлауалды бағдарламада көрсетілген ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру шараларына ерекше тоқталды.  

Партиялықтар ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге күш салады. Ауыл тұрғындарын маусымдық сел жүру қаупінен, су тасқынынан қорғау және гидротехникалық құрылыстар жүйесінде тәртіп орнату міндеті қойылады.

РҚШ мүшелері базарға барып, сайлаушылармен жастардың проблемалары және олардың болашақта өз жолын табуына қатысты партия ұсынған шараларды талқылады. Жалпы, «AMANAT»-тың кандидаттары, партия белсенділері өңірде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен ондаған кездесу өткізді.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Пікірлер