Қызылжарда сыныптастарын балталамақ болған оқушының тағы оғаш әрекеті анықталды

3099
Adyrna.kz Telegram
Айбалта. Ақ масқа. Пышақ. Қызылжарда "айбалтасын" арқалап, мектепке шабуылдаған оқушының тағы оған әрекеті анықталды. Ол сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытқан. Ата-аналар айбалтасын ала жүгіретін оқушының бұл әрекеті туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Ата-аналардың айтуынша, балта арқалаған бала бірнеше күн бұрын бір оқушының үстіне қасақана шай төгеді. Өткен бейсенбіде сыныптастарына ақ масканың фотосын жіберіп, сес көрсеткен. Үш күн өткенде дәл сол масканы киіп, оқушыларға балтамен шабуыл жасаған.
Қазір де қауіп-қатер сейілмей тұр. Айбалта ақ маска мектеп оқушыларының қорқынышына айталды. Ата-аналардың дегбірі қашқан.

"Ол оқушыға ешкім соқтыққан емес. Өз бетінше жүретін. Балаларға телефонмен қойыртпақ нәрселерді жібергеннен-ақ жауапты тұлғалар оны жіті назарға алу керек еді. Ата-аналар ақыл есі сау өзге балаларды бөлек оқыту керек деп есептейді. Қазір балаларымызды мектепке жіберуге қорқып отырмыз", деді ата-ана өкілі Надежда Шушемоина.

Мектеп әкімшілігі мен құзырлы басқармалар аталмыш іске қатысты тергеу жүріп жатқандықтан, әзірше қандай да бір ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер