NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі өтті

6752
Adyrna.kz Telegram

Қатысушылар тізімінде 500-ден астам оқушы, олардың әрқайсысы математика, физика, химия, биология, география, информатика, тарих, құқықтану негіздері, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша білімдерін сынайды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын 26 оқушы қорғады.
10-сынып оқушысы Али Қасым желілік олимпиадаға екінші жыл қатысып отыр. Соңғы олимпиадада математика пәнінен үшінші орынды жеңіп алды. Алидің айтуынша, олимпиадалық қозғалыс – табысқа, нәтижеге жеткізе білетін өнер.
9-сынып оқушысы Арина Ширяева үшін химия – ең сүйікті пән. 10-11 сыныптарға арналған тақырыптарды батыл ұсынатын олимпиада Арина үшін қызықты тәжірибе. Олимпиаданың бұл тәсілі оны қорқытпайды, керісінше, тек ынталандырады.


16-17 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша желілік олимпиада өтті. Бұл бағытта 16 оқушы білімдерін сынады.
Қазақ тілі 10-сынып оқушысы Алан Ким үшін сүйікті әрі жеңіл пәндердің бірі. Бұл жолы ол өз білімін желілік олимпиадада сынауды жөн көрді.
– 6-сыныпқа дейін қазақ сыныбында оқыдым. Олимпиададағы барлық тапсырмалар мен үшін түсінікті және қарапайым болып көрінді. Көптеген адамдар ана тілі ата-анасынан дарыйды деп ойлайды. Менің ойым, тіл білу – қалыптасқан дағды, — дейді Алан.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасын таныстырады.

Пікірлер