Тасмағамбетов пен Лавров кездесті

2454
Adyrna.kz Telegram

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атқарушы құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отырысқа Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров, ТМД-ның Бас хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, Беларусь және Ресей одақтық мемлекетінің Мемлекеттік хатшысы Дмитрий Мезенцев қатысты.

Тараптар аталған бірлестіктердің 2022 жылғы қызметінің нәтижелерін және алдағы уақытта жүзеге асатын ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Еуразиялық аймақтағы интеграциялық үдерістерді конъюгациялау, қайталанатын және бірін-бірі толықтыратын құзыреттер салаларында тығыз ұйымаралық байланыстарды орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды»,—делінген хабарламада.

Сергей Лавров пен Иманғали Тасмағамбетовтің жеке кездесуінде Ұйым қызметінің өзекті аспектілері, оның ішінде Беларусь елінің төрағалығымен 2023 жылы өтетін осы құрылымның жарғылық органдарының отырыстарына дайындық барысы қаралды. Министр ресейлік тараптың Иманғали Тасмағамбетовке ҰҚШҰ Бас хатшысы ретіндегі қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Пікірлер