“Заңның шикі тұсын ашып оқуға кеңес берем”: Сырымбек Тау өзін не үшін сайлаудан шеттеткенін айтты

2777
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/syrymbek_tau
Фото: instagram.com/syrymbek_tau

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау өзін не үшін сайлаудан шеттеткенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Ардақты Алаш, қадірменді Қазағым – екі-үш күн болды әлеуметтік желідегінің жел шығаратын жалғыз темасы Сырымбек Тау болып тұр... Мен, Сіздерге мәселенің мән-жайын түсіндіре кетейін. 2004 жылы Қазақстанға көшіп келдім. 2006 жылдан бері тұрақты тіркеудемін. Мен оқыған ҚР АТАзаңының 51 бабы, 4-ші тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын «және» оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады»-деп, анық жазылған. Конституцияда «ҚР азаматтығында тұратын» және деп тұр ғой!!! Қазақша ұғатын адам ретінде «азаматтығы бар адам» сайлауға қатыса алады деп тұр. Одан кейін жаңағы ЖӘНЕ деген сөзден кейін 10 жыл тұрақты тұратын деген екінші ой, екінші талап жазылған. Атазаңның осы сөзіне сүйене отырып, документ тапсырдым. Менің қолыма Қазақстан республикасының құжаты 2013-жылдың тамыздың сегізі күні қолыма берілді. Бірақ, Конституцияда төлқұжат деп тұрған жоқ қой. Онда азаматтығы бар адам және он жыл елде тұрақты тұрған адам деп жазулы тұр! Айналып келгенде, мен ҚР азаматымын! Ол аздай 10 жылдан артық ел аумағында тұрдым. Әлі де аман болсам тұра беремін!

Қай заңның, қандай талабына сүйенгенін білмеймін ЦИК: менің төлқұжат алған датасына қарап мені сайлаудан шеттетті.  Орталық сайлау комиссиясы маған қиянат жасап, әдейі бұрмалады деуден аулақпын. Бірақ, келесі Парламентте отыратын азаматтар осындай әркім әртүрлі түсінетін заңдарды түзейді деп сенем.

Кешелі бері, Сырымбек өзінің тексерістен өтпейтінін біле тұра не үшін сайлауға қатысады, жұртты босқа дүрліктіреді деп жатқан тырнақша ішіндегі тілеулестеріме: Заңның шикі тұсын ашып оқуға кеңес берем!”, деп жазды кәсіпкер.

 

Пікірлер