“Жұмысшы 90 пайыз күйіп қалды“: СҚО-да газ құю станциясында баллон жарылды

3152
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында газ құю станциясының жұмыскері ауыр жарақат алды. Оның денесі 90 процентке күйіп қалған. Бұл туралы Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жұлдыз Есенғазиннің айтуынша, бұл оқиға Явленка ауылында болған. Газ құю станциясында бес литрлік газ баллоны жарылды.

"Станцияның 42 жастағы жұмыскері газды өлшеуге арналған бес литрлік баллонды оператор отыратын бөлмеге кіргізген. Оны баттареяның жанына қойған. Содан баллон жарылып, артынан өрт басталған. Ер адамның денесі 90 процентке күйіп қалды", - дейді Жұлдыз Есенғазин.

Қазіргі кезде зардап шеккен жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер