Алматыда екі оқушы бір аптадан бері табылмай жатыр

3478
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Алматыда екі оқушы жоғалып кетті. Еріктілер мен полиция оларды іздеуді жалғастыруда, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі tengrinews-ке сілтеп.

7 ақпанда 14 жастағы екі бала Алматының Бостандық ауданындағы № 63 мектептен (Әбіш Кекілбайбайұлы көшесі, 88) шығып, үйлеріне оралмаған.

Еріктілер бұған дейін жасөспірімдердің бірінің жоғалғаны туралы хабарландыру жариялаған болатын. Балалар бір аптадан бері табылмай жатыр.

«Іздеу жалғасуда. Полиция ешқандай ақпарат берген жоқ. Балалар ашық жерге барады. 7 ақпанда олар мектептен бірге шығып, досының туған күніне барған. Сол уақыттан бастап олар үйге оралмады. Еріктілер іздеуге көмектесіп жатыр. Оларды қалада көргендер көп екенін, ашық жүргендерін, неге оларды әлі таба алмай жатқандарын түсінбейміз», – деді жасөспірімдердің бірінің анасы Динара Төбеева.

Алматы полициясы Бостандық ауданының полиция басқармасымен бірге іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Жасөспірімдерді іздеуге қылмыстық және ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қазір балалардың орналасқан жерін анықтауға және оларды үйлеріне қайтаруға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жұмыс нұсқаларының бірі бойынша балаларда бәрі жақсы, олар тірі», – деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің орналасқан жері туралы білетіндердің барлығы көрсетілген телефондардарға қоңырау  шалып, полицияға жүгіне алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер