Бүгін ОСК Respublica партиясы Сырымбек Таудың Мәжіліс сайлауынан шеттетілуі жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мәлімдемеде Respublica партиясы бірден берілмейтінін, күресті әлі жалғастыратынын айтты:
- Бәлкім, формальдық дүние өте маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды.
Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін ашып, 600 ден астам адамды жұмыспен қамтып, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам салық төлеген.Бірақ Сырымбек елге көмекті тек экономикалық үлеспен ғана көрсетіп жүрген жоқ. Қиын-қыстау кезеңде де халқына қолдау көрсетті. Пандемия кезінде оның компаниясы Алматыдағы 9800 отбасына азық-түлікпен жәрдемдесті, «Біз біргеміз» және «Шұғыла» қайырымдылық қорына қаражат бөлді. «Тау шаңырақ» қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі. Талғар қаласындағы балаларды оңалту орталығының құрылысына қомақты қаржы бөлді. Су тасқынынан зардап шеккен Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының 100 тұрғынына көмек көрсетті.
Сырымбек Тау – нағыз азаматтың жарқын үлгісі!
Партия төрағасы А.Қожаназаров болған жағдайға қарамастан,Respublica партиясы берілмейтінін, күресті жалғастырады, - деді партия өкілдері.
Бұған дейін Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына түсетін үміткерлердің есімі белгілі болған еді. Олардың арасында Нұрлан Қоянбаев, Айдарбек Ходжаназаров, Қуаныш Шонбай сынды тұлғалардың есімі аталды. Сондай-ақ, тізімге енген Сырымбек Таудың бір округ бойынша сайлауға қатысатыны анықталған айтылды.
"Адырна" ұлттық порталы