"Анамның жаназасына шақыруым керек" - Анасымен бірге қиранды астында қалған қыздың сөзі жұртты жылатты

2601
Adyrna.kz Telegram

Түркияның Кахраманмараш қаласы, Эльбистан ауданында құтқарылған тұрғынның сөздері жалпақ жұртты жылатты. Жер сілкінісінен 123 сағат өткенде үйінді астынан шығарылған жанның есімі - Мелиса. 23 жасар. Құтқарушылар анасы екеуін бірге тапты. Анасы өлі күйінде, өзі тірі табылды.

Менисаның құтқарушыларды көре сала айтқан алғашқы сөзі әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "CNN Turk"  агенттігіне сілтеме көрсете отырып.

Оқиға былай басталған:

Мелиса анасымен еріп, сауда дүкеніне барған. Сол сәтте жер сілкінеді. Анасы мен Мелисаны сауда дүкенінің қабырғалары басып қалған.

Өкінішке қарай, анасы қызының көзінше, сол жерде, қабырғалар құлағанда ажал құшқан.

Жер толқығанда қатты шошынған 23 жасар Мелисаның көңілігдегі ауыр дерті көпшіліктің көзіне жас үйірді. Ол құтқарушы келген сәтте:

- “Күртешемді сіздерге бере алмаймын. Қалтасында телефоным бар. Әкем де, ағам да бұл жерде емес [Анасының сүйегі жанында жатыр]. Анамның өлімін естірту үшін әкем мен ағама қоңырау шалуым керек, оларды анамның жаназасына шақыруым керек, - деп жауап береді.

Оның бұл сөзі көрермендерге қатты әсер етті. Мелиса әкесінің нөмірін білмейтіндігін, есінде қалмағанын да айтады. Мелиса тек жанында мәйіті жатқан анасының жаназасын шығаруды ғана ойлаған.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер