“260 мың рубль”: Байқоңыр билігі тұрғындарды Украинадағы соғысқа қатысуға шақырып, ақша ұсынуда

2917
Adyrna.kz Telegram

Байқоңыр әкімдігі қала тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынып жатыр, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

“Байқоңыр қаласы әкімдігі басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы №46 “әскерге шақырылған азаматтарға, сонымен қатар, ерікті түрде арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және Байқоңыр қаласында тұратын әскери қызмет өтеуге келісімшарт жасасқан адамдарға біржолғы ақшалай төлем туралы" Қаулысына сәйкес Украина, Донецк халық республикасы, Луганск Халық Республикасы, Запорожье облысы, Херсон (әскери қызметші) аумақтарында арнайы әскери операцияға қатысқан жағдайда 260 000 рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған. Соғысқа ерікті түрде қатысқысы келетін әскери қызметкер немесе оның уәкілетті өкілі біржолғы ақшалай төлемді алу үшін Байқоңыр әкімдігінің Халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш беруі тиіс”,- делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер