Сарапшы пікірі: "Қазақстан халқының үйленгісі келмей қалды"

2623
Adyrna.kz Telegram
Сарапшы, экономикалық құбылыстар мен қоғамдық ахуалға сауатты талдау жасайтын маман Айбар Олжай Отанымыздағы отбасы құру мәселесіне "барлау жүргізіп көрді". Автордың айтуынша, қоғамдағы отбасы институты әлсірей бастаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Сарапшы нақты деректерге сүйене отырып, қоғам тынысып толық сезіне білген. Автор бірқатар маңызды мәселенін шетін шығарып қана қоймай, статистикасына үңіледі:
- Қазақстан халқының үйленгісі келмей қалды. Әсіресе алматылықтар отбасы құрудан қаша бастады. Ұлттық статистика деректеріне сай, бізде 2022 жылы 128,5 мың неке тіркелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11,7 мың некеге аз. Сонда 17 жыл бұрынғы антирекорд жаңарып отыр. Алаңдатарлығы - 2006 жылғы антирекордтың себебі түсінікті еді. Ол кезде неке жасына келгендер КСРО күйрей бастаған жылдары, демографиялық құлдырау кезінде туғандықтан, саны аз болды да, неке де аз болды. Ал қазір неке жасында 2000 жылдары, демографиялық бум кезінде дүниеге келген ұрпақ отыр. Олардың саны аз емес. Сонда неке қайда? Қазақстандағы адам саны көбейген сайын, ресми неке санының қысқаруы қалыптасқан тренд пе, әлде уақытша құбылыс па, осы жағын анықтау қажет болады. Ол үшін бізге 2023 жылдың статистикасын күту керек.
Айбар Олжай әсіресе Алматы тұрғындарының тұрмыс құрып, шаңырақ көтеруге құлқы болмай қалғанын айтады. Отбасы құруға деген ұмтылыстың сиреуі ұлттық экономикамызға үлкен соққы болатынын жеткізеді.
- Әсіресе Алматы ресми неке санын бір жылда 25 пайызға қысқартқан. Бұл ретте, бейресми неке (мешіттегі) статистикасы жүргізіле ме, онда өсім бар, сол жағын білмей отырмын. Қалай болғанда да, тек ресми неке ғана заң бойынша жұбайларға тең мүліктік құқықтар береді. Ал бейресми некенің еш заңдық күші жоқ (алимент, ата-ана құқығы, мүлік бойынша), сондықтан әсіресе әйел үшін ол өте қауіпті қадам.
Қазақстан экономикасына ресми отбасылар ауадай қажет. Үй шаруашылықтары, отбасы институты экономиканың тірегі болып табылады. Тауар мен қызметтер тізбегінде сұранысты әртараптандыратын да - осы отбасы тұтынатын дүниелер... Бұл тұрғыдан алғанда, некенің азаюы болашақта экономикалық проблемалар әкелетіні анық, - деп сөзін түйіндейді журналист.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер