Өзге елмен қазақ азаматтығын қатар төске басқан 54 пысықай ұсталды

5155
Adyrna.kz Telegram

"Тілі тәтті бұзау екі енені қатар емеді".  Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметі Қазақ және өзге елдің азаматтығын қатар арқалап жүрген 54 адамды анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"2023 жылғы қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 54 фактісін анықтады. Заң бұзушылардың негізгі бөлігі - Ресей, Түркия және Қытай елінің азаматтары", - деп баяндады ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Қазір олардың барлығын полиция органдарында тергеп-тексеріп жатыр. Алдағы уақытта да қос азаматтық алғандарды анықтау жұмысы күшейтілген сыпатта жалғасады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер