Ақтөбе облысында электр станциясы өртенді

2710
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтөбе облысы Алға қаласында электр станциясы өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, бүгін сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түскен. Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

“Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды.  Алды ала деректер бойынша  өрт алаңы 50 шаршы метр.  Өрт 10 сағат 29 минутта оқшауланып, 10 сағат 40 минутта сөндірілді”, делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Пікірлер