"Қазақтың солтүстігі дегенің - Ресей деген сөз" - ғалымсымақ Алексей Савватеев

2619
Adyrna.kz Telegram

Есеп-қисапшы, Қазақ еліне келіп, шәкірттерге ара-тұра дәріс оқып жүрген орыстың ғалымсымағы Алексей Савватеев украин, беларусь, қазаққа қатысты сыңаржақ пікір білдірді. Ол өз сөзінде сыйырқұйымшақтанып, Қазақ елінің солтүстік аймақтарын тұтастай "Ресей" санайтынын айтты, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жел сөзге көп ерік беретін студия қонағы өзінің бірінші тілі, кейін миы жұмыс істейтіндігін сұхбат барысында ашық байқатады. Мәселен:

- Қазақтар да орысқа жата ма [қойылған сұрақ]?

- Қазақтар басқа ұлт. Олар біздің ылауымызда. Меніңше, оларға Ресейдің қол астында болған - жайлы. Бұл сұрақтың философиялық сарыны бар. Ресейдің кеңеюі барысын алайық. Қазақ елі олардың жеріндегі орысқа қабақ шытпаса, әзірге көңілім толады. Бірақ белгілі бір уақытқа ғана. Солтүстігік Қазақ елі дегенің - тегіс орыс. Қазақ елінің солтүстігі дегенің - Ресей, - дейді ғалымсымақ Савватаеев.

Ғалымсымақ телпекбайдың пікіріне табынып жатқан орыстар көп. Олар Савватаеевтің сарқынын ішіп, "асқын білімі" үшін алғыс жаудырып жатыр.

"Адырға" ұлттық порталы 

 

Пікірлер