"Жер сілкінсе де, Ыстамбұлдағы ”апаларымыз” дым болмағандай ақылын саудалап өліп жатыр" - Әсем Ережекқызы

18882
Adyrna.kz Telegram

Түркияда білім алып жатқан Қазақ елінің студенті, “Болашақ” халықаралық бағдарламасы стипендиаты Әсем Ережекқызы Түркияда болған апатқа және "кейбір" қазақтардың қылықтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақ қызын адамдардың қиын кезеңдегі әрекеті ойландырған. Автор өз жазбасында адамгершілік тақырыбын сөз етеді.

“Болашақ” халықаралық бағдарламасы стипендиаты Әсем Ережекқызының жазбасы:

- Canım Türkiyem…
Сілкініс таңға дейін толастаған жоқ. 52 минут бұрын ғана 500 сілкініс тіркеліпті. Түнімен көз ілмей жаңалықтарды аңдып отырмыз. Стамбулдағы ”апаларымыз” болса дым болмағандай “сы-сы-сы” деп тікелей эфир өткізіп, өздерінде жоқ ақылды аңқау жұртқа саудалап өліп бара жатыр. Айналасы астаң-кестең болып жатқанда қалай ұялмайды екен… Ұлтымызға ұят әкелетін шіріктер-ай… - деді Әсел Ережекқызы.
Автордың жазбасына оқырмандар пікір қалдыруда:
"Ол апаңдікі— нағыз "Атың шықпаса — жер өртенікі". Орта жасқа келіп қалды, енді осы бір әрекеттері үшін, атын тіпті естімесек, жөн болар еді. Баяғы алғашқы атақ-абыройы биік еді-ау!..";"Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын" деп осындайларға айтқан шығар дана халқым";

"Әсем қыз, аман-есен бол, апайларыңа дауа жоқ.
Өте дәл айттың!";

"Ковид-19-да миллиондарын салып, тыныс аппараттарын елге жіберген көмегін тез ұмыттыңдар ма?..." деп жазды оқырмандар.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер